42 500 теңгені заңсыз алғандарға жаза қатаң

16.04.2020

42 500 теңгені заңсыз алғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Заңгер Руслан Қожахметов осылай дейді. Негізсіз пайдаға кенелгендер 2 778 000 теңге айыппұл төлейді я болмаса 2 жылға сотталып кетуі мүмкін. Заңгер мәлімдемесі шыққан бойда азаматтар жәрдемақыны қайтаруға асықты. Халық банк өкілдері мұны растап отыр.

Халық банк өкілдері саналы азаматтар аз емес екенін айтады. Бүгіннен бастап бірнеше азамат ақшаны қайтарған. Сондықтан банк тез арада 42 500 теңгені комиссиясыз қайтару сервисін іске қосыпты. Әрі ақшаны қалай қайтаруға болатындығын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Айта өтейік, бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы орындармен бірлесе тексеру жұмыстарын бастайтынын мәлімдеді. Шын мұқтаж жандардың ақшасына қол салғандар қылмыстық жазадан құтылмайды деп жатыр. Сондықтан төтенше жағдай алынғанға дейін шалыс қадам басқан азаматтар ақшаны өз еріктерімен қайтаруы керектігін айтады. Ол үшін бірнеше банк жәрдемақыны қайтарудың тетігін қосқанын тағы бір айта өтейін. Қазір экранға «азаматтарға арналған үкіметтің» шотын көрсетіп отырмыз.

Ләйла ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу