42 500 теңге жәрдемақыны заңсыз алғандарға ескерту жасалды

19.04.2020

Президент Қ.Тоқаев арнайы жиынға шақырылған сарбаздармен кездескенде «...Ең алдымен біздің алдымызда тұрған мақсат – қарапайым халыққа колдау көрсету. Халықсыз ешқандай экономика болмайды»,-деген.

42 500 теңгенің сондай бір ақша еместігі түсінікті. Дегенмен, жыртық жамалмай қалатындай күйге түспеуге сеп. Осы аптада да оның «әні» таусылмады. Алуы тиістердің арасында «әлі ала алмадық» деушілер бар. Бұл жердегі парадокс - кәдімгідей немесе қашықтықтан жұмыс істеп жүргендер, яки айлығы тоқтамағандардың ішінде сол ақшаны алғандар бар. Олардың тиесілі еместі кейін қайтаруы, қайтармаса, қатаң жазалатыны туралы ескерту жасалды. Әрине, қайтарғысы келмейтіндер бар. Олар мүлдем табыссыз қалғандармен жағаласып, тіпті олардың қайсібіріне түспей жатса да, «соншама не болды, алдым», «өздері берген» дейді...

Апта соңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі фейсбуктегі парағында осыған жауабын жазды. Бұл түсіндірмеден «әркімнің арына тапсырдық және өтірік айтпайтынына сендік» деген сөзді оқығандай болдық.


Хабарламаларға жазылу