Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады

12.07.2020

2020 жылдың 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын «Qazaqstan» ұлттық арнасы 11.55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді. 

Аза тұту күнінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.

Хабарламаларға жазылу