2018 жылы СҚО-да 5 мың тоннаға жуық өсімдік майы экспортталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2018 жылы СҚО-да 5 мың тоннаға жуық өсімдік майы экспортталды

29.08.2019

Солтүстік Қазақстан облысы 2018 жылы 5 мың тоннаға жуық өсімдік майы мен 4264 тонна майлы дақылдар сығындысын экспорттады. Соның тең жартысы «Тайынша май» кәсіпорнының еншісінде.

Былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ашылған бірегей кәсіпорынның қауқары жылына 300 мың тонна майлы дақылдар өңдеуге қауқарлы. Биыл, бұл кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инженерлік коммуникацияларды тарту үшін қаражат бөлінді.

«Тайынша май» - теріскейдегі ауыл шаруашылығын тірілткен кәсіпорын. Өңірде майлы дақылдар алқабы ұлғайып, шетелге бұрынғыдай шикізат күйінде емес, өңделіп, дайын өнім ретінде экспортталады.

Лу Пей Ти, зауыт директорының орынбасары:

- Зауыт ашылғаннан бері 60 тонна рапс сатып алдық. Бүгінгі күнге дейін оның 50 мың тоннасын өңдедік, дайын өнім алып, оны Қытайға жіберіп жатырмыз. 150 мың тонна рапстан 18 мың тонна сығынды, 12 мың тонна май алынады.

Зауыт ашылғалы жұмыс орны табылды. Шетелден 10 маман келсе, қалғаны жергілікті тұрғындар. Кенжебек Қалиев кәсіпорында инженер болып қызмет етеді.

Кенжебек Қалиев, инженер:

- Зауыт заман талабына сай, жұмыс жүріп жатыр. Ашылғаннан бері 120 адам жергілікті адам жұмыс тапты. Жалақысы да жақсы.

Қазіргі күні кәсіпорында жылына 150 мың тонна майлы дақыл өңделеді. Болашақта зауыттың бар мүмкіндігін пайдаланып, 300 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу