«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының қорындағы Мақсұт Нәрікбаевтың бейнесі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының қорындағы Мақсұт Нәрікбаевтың бейнесі (ВИДЕО)

13.10.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының қорындағы  Мақсұт Нәрікбаевтың  бейнесі (ВИДЕО)

Қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры  Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев дүниеден өтті.

Мақсұт Нәрікбаев – еліміздегі заң саласының қалыптасып, дамуына сүбелі үлес қосқан жандардың бірі және бірегейі. Теміртау қаласында басталған еңбек жолы оны Қазақстан Республикасы Жоғары сотының төрағасына дейінгі бірнеше қызмет сатыларынан өткізді.

Алғаш 1959 жылы КарМедКомбинат құрылысында шыңдалып, асқаралы асуларға қол созды. Ұстанғаны тәртіп, жақтағаны әділет болған тұлға саналы ғұмырында прокуратура және  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппараттарында жұмыс істеді.

Мақсұт Нәрікбаевтың сан тараулы өмір жолы тәуелсіз еліміздің қалыптасу кезеңдерімен тығыз байланысты.

Мақсұт Нәрікбаевпен қоштасу бүгін сағат 09:00-де  Астана қаласы, Қорғалжың тас жолы бойында орналасқан Қазақ гуманитарлық заң университетінің ғимаратында өтеді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу