Президент Қ.Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2020
Президент Қ.Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Президент Қ.Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

«Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген.

Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.  

Қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпаздарға алғыс айтамын. Домбыра мерекесі құтты болсын! Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін», делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Хабарламаларға жазылу