Корейлік ғалымдар Атырауда су ресурстарын бақылайтын зерттеу институтын ашуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Корейлік ғалымдар Атырауда су ресурстарын бақылайтын зерттеу институтын ашуға ниетті

01.04.2019

Корейлік ғалымдар Атырауда су ресурстарын бақылайтын және балық өндіру жөніндегі мәселелерді сараптайтын, ғылыми зерттеу институтын ашуға ниетті. Арнайы орталық аймақтағы Халел Досмұхамедов атындағы Мемлекеттік университет базасында құрылады деп көзделуде. Аталған оқу орынының жай-күйімен танысқан делегаттар берлескен жобаларды жүзеге асыратындықтарын жеткізді. Оларды кәсіпкерлік пен білім беру саласы және балық шаруашылығы қызықтырады.

Чо Чон Хи, Корей теңіз зерттеу институтының атқарушы директоры:

Меморандумда Атырауда Корей орталығының ашылатыны туралы айтылған. Егер осы  меморандумдағы пункт орылдалса, екеуара ортақ жобалар саны артады. Корея мен Қазақстан  өзара технологияларымен, осы салаға қатысты, яғни, су ресурстарын, балықты өндіру  бойынша пікірлерімен  алмаса алады.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу