Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті

29.06.2020
Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті

Қазақстан Ұлттық банкі Нұр-Сұлтан қаласына көшірілді. 

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін астанаға көшірілді. Ұлттық банктің жаңа мекенжайы - Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 57 А», - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласындағы Әйтеке би, 67 мекенжайында Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы - Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева. 

Өкілдік ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, қаржы нарығының субъектілері және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара әрекеттестікті жалғастырады.


Хабарламаларға жазылу