Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдіктерге алдағы жылыту маусымына сапалы дайындалуды, көмір мен отынның негізсіз қымбаттауына жол бермеуді тапсырды.
«Халықты көмірмен, жылыту орталықтары мен қазандықтарды отынмен қажетті көлемде алдын ала қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру керек. Көмір бағасын ерекше бақылауға алу қажет. Отын, әсіресе, көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдаңыздар», - деді Премьер-Министр Үкімет отырысында.