Азық-түліктің қымбаттауына жол берген вице-министрлер жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түліктің қымбаттауына жол берген вице-министрлер жазаланады

18.11.2019
Азық-түліктің қымбаттауына жол берген вице-министрлер жазаланады

Бүгінгі Үкімет отырысында азық-түлік бағасының өсуі мәселесі де қаралды. Премьер-Министр Асқар Мамин азық-түліктің қымбаттауына жол берген Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция вице-министрлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. Үкімет басшысы жиында жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағалар барлық өңірде 15 пайыздан жоғары өскенін айтты. Өңірлер тұрғысынан бағаның ең көп өсуі Шымкент пен Қызылорда, Түркістан, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе және Таразда байқалады.

«Бұл өңірдің әкімдіктері мен Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция министрліктерінің жеткілікті жұмыс жүргізбей отырғанын көрсетеді»,- деді деді А. Мамин.

Премьер-Министр бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа және орта мерзімге арналған нақты шаралар пакетін әзірлейтін жұмыс тобын құруды тапсырды.

Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша азық-түлік тауарларына баға өсуінің алдын алу мәселесіне жауап беретін Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция вице-министрлері және Шымкент және Алматы қалаларының, Қызылорда, Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстары әкімдерінің орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. 

Хабарламаларға жазылу