Жедел жәрдем шақыратындардың саны артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жедел жәрдем шақыратындардың саны артқан

17.06.2020

Алматыда жедел жәрдем уақытында келмейді, 3-4 сағаттап күтуге мәжбүрміз. Соңғы кезде арнамызға осылай деп шағымданған көрермендер көптеп хабарласуда. Алды сағаттап күтсе, кейбірі науқасты өздері ауруханаға апарған.

Елімізде өткен жылмен салыстырғанда жедел жәрдем қызметін шақыратындардың саны артқан. Мұны Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева да растап отыр. 103 адам өміріне қауіп төнген жағдайда жүгінетін көмек болғандықтан, қажет болған жағдайда ғана қоңырау шалуға кеңес береді.

 Қуан НҰРАҚЫН


Хабарламаларға жазылу