Елімізде корона-такси қызметі іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде корона-такси қызметі іске қосылады

30.06.2020

Сондай-ақ жаңа министр тағы бір жаңашылдықты жариялады. Елімізде жедел жәрдемге жүгінетіндер жиілегендіктен, «корона-такси» қызметі іске қосылады. Алексей Цойдың айтуынша, ел бойынша жедел жәрдем шақыру соңғы күндері 1,8 есе артқан. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 2-2,5 жарым есе көбейген. Сондықтан бригадалар мен жедел жәрдем көлігі жетпей жатыр. Айта кетейік, мұндай тәжірибе бұған дейін Еуропа елдерінде қолданылып, вирусқа қарсы күресте көп көмек көрсеткен. Әрі жедел жәрдем бригадаларымен тест алу шарасы да ұйымдастырылмақ.

Назерке БҰРХАН


Хабарламаларға жазылу