Армениядан әкелінген 2 мыңнан астам көлік тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армениядан әкелінген 2 мыңнан астам көлік тіркелді

16.06.2020

Бүгін Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полициясы осы елден әкелінген көліктерді тіркеу мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады. Айтуларынша, көлікті армениядан өздері алып келген азаматтар ғана тіркеуге қоя алады. Ал алып-сатарлардан немесе өзгенің қолынан армениялық көлікті сатып алғандар көлікті уақытша тіркеуге қою үшін машинаның иесін табуы керек.

Сондай-ақ әкімшілік полиция Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жексенбі де жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Айта кетерлігі рөлі оң жақта орналасқан көліктерді тіркеуге тыйым салынған. Сондай-ақ армениялық көліктер уақытша тіркеуге алынып жатқан соң, ресейлік және қырғызстандық көліктерді де тіркеуге алуды сұрағандар көбейген еді. Бүгін әкімшілік полиция оларға жауап берді.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу