Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

15.06.2020

Ұлттық парктерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Кеңес инвестордың міндеттемелерін орындатуға, ұлттық парктерді дамыту жоспарын талқылауға қатысуға, қажет болған жағдайда, оның аспектілерін іске асыруға бақылау жасай алады. Оның құрамына министрлік өкілдері, қоғам белсенділері мен табиғат жанашырлары қосылды. Алғашқы басқосуда табиғатқа қатысты бірқатар мәселе көтеріліп, мамыр айында қабылданған туризмді дамыту жөніндегі бағдарлама сөз болды. Министрлік өкілдері бірнеше мемлекеттің эко-туризмді дамыту бойынша тәжірибелерін қарағанын айтты. Солардың ішінде Американың табиғатты өз қалпында сақтай отырып, туристерді тарту жұмысы ұнапты. Сол үлгі бойынша арнайы жоспар да жасалған.  

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу