Ауылда қонақ үй салатын кәсіпкерлер 10 млн. теңгеге дейін несие ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылда қонақ үй салатын кәсіпкерлер 10 млн. теңгеге дейін несие ала алады

25.10.2018

Осыған байланысты, салада 60 мыңға дейін жаңа жұмыс орны ашылады. Туризм саласын дамыту жөнінде мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстардың нәтижесі осындай болмақ. Бүгін Алматыда туризм әлеуетін арттыру жөнінде қоғамдық тыңдау өтіп, түрлі мәселелер талқыланды. Жиында ұлттық парктерді басқаруды жекеге өткізу жөнінде пікірлер айтылды. Көпшілік ұлттық парктердің мемлекеттің қолында болуы дұрыс деп есептейді. «Жалпы, туризмді дамытуға кәсіпкерлерді тарту үшін жер салығынан 10 жылға дейін босату дұрыс», - дейді жиынға қатысушылар. Бұл ретте, салықтық кіріс 25 миллиард теңгеге азаймақ. Есесіне, инвестициядан 600 миллиард келеді. Сондай-ақ, турбизнеске несие беру де сөз болды. Ауылда қонақ үй салатын кәсіпкерлер 10 миллион теңгеге дейін несие ала алады.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу