Ұлттық кеңес мүшелері Қарағанды облысының қоғам белсенділерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық кеңес мүшелері Қарағанды облысының қоғам белсенділерімен кездесті

17.06.2021

Ұлттық кеңес мүшелері Қарағанды облысының қоғам белсенділерімен кездесіп, Президент бастамаларының жүзеге асырылу барысын талқылады. Жиында қоғам белсенділері, сарапшылар және жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен арадағы қарым-қатынастың тиімділігін арттыру мәселесі көтерілді. Бұдан бөлек моноқалаларды дамыту, ішкі және сыртқы көші-қон жайы ортаға салынды. Биыл кеңестің құрылғанына - 2 жыл. Осы аралықта 70-ке жуық құқықтық-нормативтік актілер қолданысқа енгізілді. Нәтижесінде қоғамдық диалог, билік пен халық арасындағы қатынас жақсарып, экономиканың дамуына серпін беруде. Мәселен, Ұлттық кеңес мүшелері Абай ауданының ауыл әкімдерімен кездесіп, жақын арада өткізілетін ауыл әкімдерінің сайлауына қатысты дайындық жұмыстарын талқылады. Сонымен бірге сапар аясында Ұлттық кеңес мүшелері шаруа қожалықтарының өкілдерімен жүздесіп, аймақтың ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пікірлерімен бөлісті.

Ерлан Қарин, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы:
Ендігі бізідң мақсатымыз сол ұлттық кеңес аясында көтерілген реформалардың, бастамалардың өңірлерде қалай көрініс тауып жатқанын бақылау. Кері байланыс орнату мақсатымыз. Жергілікті қоғам белсенділерімен пікір алмасу кезінде өзекті тақырыптар жөнініде талқыладық. Олардың шешу жолдарын қарастырдық.
Максим Рожин, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
Жалпылама барлығы проблемаларды барлығы біледі. Бірақта оның ішінде әр түрлі нюанстары бар. Облыстарға, аумақтарға қатысты болуы мүмкін. Әр обылстың, әр ауматың өзіндік ерекшелігі бар. Біздің аймақтарды аралау себебіміз осы мәселенің барлығымен танысу біріншіден. Екіншіден осы мәселелерді мүмкін алдағы Президенттің қатысуымен болатын мәселелерді жеткізу.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу