Жамбыл облысында мектеп оқушылары төбелесіп, бір жасөспірім қайтыс болды

15.06.2020

Жамбыл облысында мектеп оқушылары арасында төбелес болып, бір жасөспірім ажал құшты. Қала маңындағы Шөлдала елді мекенінде болған оқыс оқиғадан тағы үш бала дене жарақатын алған. Жиырма шақты бала өзара жаға жыртысқан, пышақ жарақатын алған жеткіншектің бірі қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы қалыпты екенін айтады. Қазір Полиция департаменті осы іске қатысты таргеу амалдары басталғанын айтады. Ал күдікті ұсталып қамауға алынды. Марқұм болған оқушы биыл сегізінші сыныпты аяқтаған.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу