Астанада оқушы сыныптасына қалам сұғып, өлтіріп алды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада оқушы сыныптасына қалам сұғып, өлтіріп алды (толығырақ)

16.09.2014
Астанада оқушы сыныптасына қалам сұғып, өлтіріп алды (толығырақ)

Елордадағы № 76-шы мектепте оқитын 8-сынып оқушылары өзара төбелесіп, бірі екіншісінің жүрек тұсына қаламсап сұғып алған.

Соққының қатты болғандығы соншалық, қалам бұғанасы  бекіп үлгермеген баланың тура жүрегіне келіп қадалған. Сөйтіп, жеткіншек оқиға орнында бірден қайтыс болған.

Мұғалімдердің айтуынша жақын күндері қайтыс болған баланың сыныптастарымен психологтар жұмыс жүргізеді. Ал, сыныптасына қалам сұғып өлтірген жеткіншектің жақындары қандай-да бір түсінік беруден бас тартты.

Осы дерек бойынша  қылмыстық іс қозғалды.Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Айдана ҮСЕНБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу