Астанада оқушы сыныптасына қалам сұғып, өлтіріп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада оқушы сыныптасына қалам сұғып, өлтіріп алды

16.09.2014
Астанада оқушы сыныптасына қалам сұғып, өлтіріп алды

Елордадағы мектептердің бірінде жаға ұстатарлық жағдай орын алды.

№ 76-шы мектепте оқитын 8-сынып оқушылары өзара төбелесіп, бірі екіншісінің жүрек тұсына қаламсап сұғып алған.

Соққының қатты болғандығы соншалық, қалам бұғанасы  бекіп үлгермеген баланың тура жүрегіне келіп қадалған.

Сөйтіп, жеткіншек оқиға орнында бірден қайтыс болды.

Айдана ҮСЕНБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу