Әлем таныған Қазақстан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем таныған Қазақстан

04.07.2015
Әлем таныған Қазақстан

Қазақстан – Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тұсында әлемнің барлық мемлекеттерімен терезесі тең қарым-қатынас орнатты. Сыртқы саясатта әсіре шешім қабылдаған жоқ, ешкіммен жаға жыртыспады, қабақ шытыспады.

БҰҰ мүше әр елмен біріккен сарабдал ықпалдасуға жол ашты.  Геосаяси серіктестер тапты. Түркі елдері, Ресей, Қытай, Еуропалық одақ пен АҚШ, Таяу Шығыс елдерімен байланысты нығайтты.

Жылы шырайлы алыс-берістің нәтижесі болар, қазір әлемнің көптеген мемлекеті  Қазақстанды тұрақтылықтың туын жықпаған, дамудың даңғыл жолына түскен айбынды, абыройлы ел ретінде таниды.

Қазақ елі – қарусыздану, атом энергиясын бейбіт түрде қолдану секілді үлгілі істерімен де әлем назарында.

Хабарламаларға жазылу