Швейцариялық азамат поезд ішінде алтын салынған сөмкесін қалдырып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швейцариялық азамат поезд ішінде алтын салынған сөмкесін қалдырып кеткен

15.06.2020
Швейцариялық азамат поезд ішінде алтын салынған сөмкесін қалдырып кеткен

Швейцария полициясы поезд ішінде үш келіге жуық алтын салынған сөмкесін ұмытып кеткен азаматқа іздеу салуда. Табылған алтынның жалпы құны 152 мың фунт стерлингті құрайды.

Бұл сөмкені темір жол қызметкерлері 2019 жылдың қазан айында Санкт-Галлен мен Люцерн қалалары бағытындағы поезд вагонынан тауып алған болатын. Осы уақытқа дейін полиция қызметі ішкі тексеру барысында сөмке иесін таба алмағандықтан, жария түрде іздеу жұмыстарына кірісуде.

Жарнама бойынша келген азамат ең алдымен сөмке және алтынның өзіне тиесілі екенін дәлдеуі тиіс. Ал алтын иесі алдағы бес жыл ішінде табылмаса, ол мемлекет қазынасына кететін болады.

Daily Mail


Хабарламаларға жазылу