Павлодарда 45 мың балаға көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 45 мың балаға көмек көрсетіледі

18.08.2023

45 мыңнан астам бала «AMANAT» партиясынан жаңа оқу жылына қажет жиынтықтар алады. Бұл иг іс «Баланы мектепке дайындайық!» жалпы республикалық акциясы аясында жүзеге аспақ. Дәстүрлі акция биыл 13-ші мәрте өткізілмек. Мақсат – көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу.

Еліміздің барлық аймақтарында оқушыларға мектеп формасы, оқулықтар мен кеңсе тауарлары салынған рюкзактар ұсынылады. Мысалға, бұл күні Павлодар қаласында партиялықтар арнайы контейнерлер орнатты. Кез-келген адам мұқтаж отбасылардағы балаларға оқу құралдарын қалдырып, қайырымдылық жасай алады.  


Азамат Бейбітұлы



Хабарламаларға жазылу