Елімізде 15 жасқа дейінгі әрбір бесінші жасөспірім қорлауға ұшырайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 15 жасқа дейінгі әрбір бесінші жасөспірім қорлауға ұшырайды

14.06.2020

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының зерттеуі бойынша еліміздегі 11 мен 15 жас аралағындағы әрбір бесінші жасөспірім қорлауға ұшырайды. Буллинг немесе қорлау әлемде бар. Және интернеттің, жаңа технологиялардың дамуымен кибербуллинг кең тарап барады.  Бұл физикалық күш қолдану ғана емес, психологиялық қысым жасау, қорқыту, әдейі әңгіме тарату, мансұқ ету, бір сөзбен айтқанда, бірінші кезекте жанды таптау. Өсіп келе жатқан өскінді қауымнан «шығарып жіберу». Жан мен тәннің қорлығы деген. Мұндайдан өте алмай қалатын жағдайлар да болады. Өткендерінің ішінде өмір бақи жара қалады. Тиісінше, өмір-бақи сол сезімнің тұтқынында жүреді, өмірінің қалай болатынына, бәріне әсер етеді. Шыңдалып шығатын қайсар жандар да бар. Зорлық көруші мен зорлықшыл балалардың ата-аналары, мұғалімдер дұрыс әрекет етсе.  

Осы материалдың анонсын әлеуметтік желіге салғанымда banu_ali_84 есімді қолданушы былай деп жазды:

«Иәәә, біздің басымыздан да өткен. Біз Өзбекстаннан көшіп келгенбіз, бауырым қатты ауырған. Қазақстанға келсе, ойнап, ауа-райы жағып, жүгіріп кете ме деп. Әкем темір жолдың бастығы, Қарақалпақстандағы Бейнеу пойызын ашқан кісі, сол жұмысын қарапайым жұмысшыға ауыстырды. Балалары үшін нөлден бастады. Сол кезде мен жетінші сыныпта оқитынмын, үздік оқушы болып келдім. Қазақ тілінен диктант жазғанымда, апайым таңғалған. Сонымен сыныптастарым сабақтан кейін «қатты білесің бе, біз қол көтергенде ғана сабақ айтасың, үндемей отырсақ, үндеме» деп тиісіп қоймады. Мамама келіп, жылап, «қайта көшейік» дедім.

Сонда Гүлзада апайыма мың алғыс айттым. Ортамды сезіп, өзі қолдап, көп көмектесті. Содан көп жетістіктерге жеттім.

Данияр ҚАЙЫРТАЙ


Хабарламаларға жазылу