Қазақстанда 2018 жылы мұнай мен газ рекордтық көлемде өндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2018 жылы мұнай мен газ рекордтық көлемде өндірілді

01.02.2019

Бұл туралы Энергетика министрлігінде өткен қоғамдық кеңесте министр Қанат Бозымбаев айтты. Былтыр жер қойнауынан 90 млн тонна мұнай мен 55 млрд текше метр газ өндірілген. Сәйкесінше еліміздің мұнай өңдеу зауыттарында өңделген жанармай көлемі де артқан. Былтыр 4 млн тонна көлік отыны шығарылыпты. Сондай-ақ, дизель өндіру шамамен 5 млн тоннаға ұлғайған. Бұл көрсеткіштерге ең алдымен ірі кен орындарында «қара алтын» өндіру көлемінің артуы нәтижесінде қол жеткізілген.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Қашаған кен орнында өндіру жоспары 120 пайызға орындалды. Өндірісті тұрақтандыру арқасында 13 млн 220 мың тонна мұнай өндірілген. Ал, жоспар бойынша 11 млн тонна болатын.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу