Электронды цифрлық қолтаңбаның баламасы пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электронды цифрлық қолтаңбаның баламасы пайда болады

11.06.2020

Елімізде электронды цифрлық қолтаңбаның баламасы пайда болады. Бұл туралы бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. Асқар Жұмағалиевтің сөзінше, оның қазіргі қолданыстағы қолтаңбадан басты ерекшелігі, оны пайдалану үшін компьютерге қосымша бағдарлама орнатудың қажеті жоқ. Яғни, ол нақты бір жерде немесе басқа да тасығышта сақталмайды. Қызметті алу кезінде, жүйе азаматтың серверде сақталатын цифрлық қолтаңбасын автоматты түрде табады. ЭЦҚ-ның жеңілдетілген жаңа түрі жаздың соңына дейін іске қосылмақ.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу