Енді egov-қа тіркелу үшін смартфон камерасынан келбетіңізді көрсету жеткілікті – Мусин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді egov-қа тіркелу үшін смартфон камерасынан келбетіңізді көрсету жеткілікті – Мусин

17.11.2020
Енді egov-қа тіркелу үшін смартфон камерасынан келбетіңізді көрсету жеткілікті – Мусин

Бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин электронды үкіметті дамытуға қатысты жоспарларын айтты. Оның бүгінгі уәдесіне сай, енді бір айдан кейін халық электронды үкіметке бір ғана смартфонның көмегімен тіркеле алады.  

«Қоғамның шағымдарын талдадық. Қарапайым халық үшін egov-қа (Қазақстанның электронды үкіметі – авт.) көшудің басты қиындығы - ол электронды қолтаңба орнату, мобилді базада тіркелу. Осы мәселелерді шешу мақсатында порталда  биометерия арқылы тіркелу пайда болады.

Енді egov пайдаланушысы болу үшін смартфоныңызды алдыңызға қойып, өз келбетіңізді көрсету жеткілікті. Қазір бұл тетік сыналып жатыр, осы айдың соңына дейін іске қосамыз», - деді бүгін Үкімет отырысында Мусин.


Мусин egov үкімет смартфон

Хабарламаларға жазылу