Астана-Щучинск бағытындағы ақылы жолдан 1,5 млрд теңге жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана-Щучинск бағытындағы ақылы жолдан 1,5 млрд теңге жиналды

16.01.2019

2018 жылы Астана-Щучинск бағытындағы ақылы жолдан 1 млрд 539 млн теңге жиналды. «Бұл қаражат сол жолдың өзіне және төлем жүйесін жақсартуға жұмсалады», дейді «ҚазАвтоЖол» компаниясы.

Былтыр бұл магистральмен көліктер 2 млн 800 мың мәрте жүріп өтіпті. 2017 жылмен салыстырғанда көлік ағыны 1,9 пайызға артқан. Соңғы кездері жүргізушілер алдын ала төлеуге басымдық бере бастаған. Бұл көрсеткіш 116 пайызға артып, онлайн банк жүйелерімен 140 мыңға жуық төлем жасалған. Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында былтыр жол бойына арнайы 5 павильон орнатылған. Ал, қысқы уақытта жолды күтіп ұстау үшін 75 техника тартылған.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу