Елорда әуежайында жолаушыларға қандай талап қойылады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда әуежайында жолаушыларға қандай талап қойылады?

30.04.2020
Елорда әуежайында жолаушыларға қандай талап қойылады?

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы төтенше жағдай режимінде санитарлық талаптарды күшейткенін мәлім етті.

Нұр-Сұлтан-Алматы рейстерінің қайта жаңартылуына байланысты халықаралық әуежайдың Т2 терминалына кіру вокзал маңы алаңынан жүргізіледі. Ішке кіру тек СОVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған жағдайда (берілген сәттен бастап 7 күнге жарамды) ғана жолаушыларға рұқсат етіледі.

Шығарып салушыларға терминалдың ішінде болуына тыйым салынады. Анықтама мен дене қызуын өлшеу терминалға кірер кезде жүргізіледі. Терминалда жолаушылар маскамен және қолғаппен жүруі тиіс. Терминал аумағында қолды дезинфекциялауға арналған құрылғылар бар. Тіркеуге және тексеруге кезекке тұрған кезде ара қашықтық 1,5 метрден кем болмауы тиіс. Ұшаққа балаларын шығарып салатын ата-аналардың да COVID-19 тестілеу туралы анықтамасы болуы керек, егер ол жоқ болса, әуе компаниясының өкілі баланы кіреберісте қарсы алып, тіркеуге апарады. Тестілеу туралы анықтама мүмкіндігі шектеулі адамдарды ертіп жүретін тұлғаларда да болуы керек, егер болмаса терминалдың кіреберісіндегі арнайы батырманың көмегімен санитарды шақыру қажет. Рейске онлайн тіркелу керек.

Дереккөз: әуежайдың баспасөз қызметі


Хабарламаларға жазылу