Алматыда қоқыс таситын көлікпен қалаға кірмек болған 7 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоқыс таситын көлікпен қалаға кірмек болған 7 адам ұсталды

15.04.2020

Алматыда қоқыс таситын көлік жолаушыларды блокпостан өткізбек болған. Тексеру барысында 50 жастағы жүргізуші ұсталды.

Полицейлер көлікті тоқтатқанда жүк салатын жерде тығылып отырған адамдарды тапқан. Жүргізушіні қосқанда жүк көлігінде 7 адам болған. Олар облыс аумағынан қалаға кіруге әрекеттеніпті. Күдіктілер полиция басқармасына жеткізілді. Барлығы да тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтады полиция департаментінің өкілдері.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу