АҚШ-та жасөспірім тәртіпсіздіктерден кейін қоқыс жинап, колледжде оқуға стипендия алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та жасөспірім тәртіпсіздіктерден кейін қоқыс жинап, колледжде оқуға стипендия алды

08.06.2020
АҚШ-та жасөспірім тәртіпсіздіктерден кейін қоқыс жинап, колледжде оқуға стипендия алды

Буффалода 18 жастағы оқушы Антонио Гвинн жаппай тәптіпсіздіктерден кейін көшедегі үйілген қоқысты көріп, оны өз еркімен жинауға бел буады. Осылайша түнгі сағат 2:00-ден бастап 10 сағат бойы қоқыс жинауды жалғастырған жасөспірімнің әрекеті көпшілікті тәнті етті. 

Антонио БАҚ-қа берген сұхбатында таңертең бұл көшемен көптеген адам жұмысқа баратынын айтып, олар үшін тазалап қоюды көздегенін жеткізді.

Оқушының мақтауға тұрарлық ісінен кейін жергілікті тұрғын оған Mustang көлігін сыйға тартқан. Сондай-ақ тағы бір кәсіпкер оған тегін автосақтандыру қызметін ұсынған. Ал Буффалодағы колледждердің бірі Антониоға бизнес мамандығына оқуға толық стипендия берді.

korrespondent.net


Хабарламаларға жазылу