Сенат Президенттің қолбасшылық құзыретін арттыратын заңды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Президенттің қолбасшылық құзыретін арттыратын заңды қабылдады

04.06.2020

Президентке соғыс жағдайында қосымша өкілеттік беріледі. «Соғыс жағдайы» туралы Заңға осындай өзгеріс енгізген Сенат бүгін құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта бейбіт уақытта соғыс жағдайы кезеңіндегі министрліктер туралы ережені бекіту, штатқа көшіруді ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органға азаматтық және аумақтық қорғануды қамтамасыз ету құзіреті беріледі. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңестерін құру өкілеттігін беру ұсынылды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу