Қазақстанда адвокат пен прокурордың құқығы теңестіріледі

16.10.2020

Елімізде адвокат пен прокурордың құқығы теңестіріледі. Тиісті заң жобасы Мәжілістің қарауына жіберілді. Енді адвокат іске кіріскен сәттен бастап процестік құжаттардың тізімімен танысуға толық мүмкіндік алады. Яғни, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысынан бастап адвокат пен прокурордың құқығы бірдей болады. 

Дегенмен заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін адвокаттардың жауапкершілігін арттыратын қағидаттарды да қайта қарау қажет. Қазір біздегі республикалық адвокаттар алқасының тікелей өкілеттіліктері жоқ. Осы түйткілді шешу үшін құзыретін арттыратын шаралар да қабылданбақ.

Асима Нұрбайқызы

адвокат прокурор Мәжіліс

Хабарламаларға жазылу