Сенат «Қауіпсіздік Кеңесі туралы» заңды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат «Қауіпсіздік Кеңесі туралы» заңды қабылдады

31.05.2018

«Заң жобасы «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес әзірленді. Құжат Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесiн, құзыретін және қызметінің ұйымдастырылуын айқындайды. Дәлірек айтсақ, ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастық пен халықаралық аренадағы ұлттық мүдделерімізді қорғау мақсатында зор жауапкершілік жүктеледі.  9 бірдей маңызды міндет айқындалып, мемлекеттік стратегиялық құжаттардың жүзеге асырылуын бағалау құрылым құзіреттерінің бірі болады. Жалпы, құжат еліміздегі конституциялық кеңестің қызметіне қатысты қабылданған алғашқы заң.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

- Конституциялық кеңестің нақты органға айналғандығын осы заңнан көруге болады. Қабылдаған заң нақты, тұрақты.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу