Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

16.11.2021

«Нұр отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесуде «Нұр отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына дайындық барысы туралы мәлімет берілді. Бауыржан Байбек өңір-өңірге жасалған жұмыс сапарларының қорытындысы мен партия фракцияларының мәслихаттардағы сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде хабардар етті.

Жалпы, фракция тарапынан үкімет мүшелерінің қатысуымен 3 отырыс өткен. «Жастар Отанға» деген бағдарлама аясында тиісті шараның 20 пайызы орындалды деді Бауыржан Байбек. Сондай-ақ, «Жастар Отанға» атты халықаралық форумын қорытындылап, алдағы саяси кеңестің кеңейтілген отырысы жөніндегі жұмыс жоспарымен бөлісті. Кездесу соңында «Нұр отан» партиясының төрағасы орталық аппарат пен партияның аймақтық филиалдарына алдағы ауқымды шараға дайындықты пысықтауды тапсырды. Айта кетейік, жиын 23 қараша өтеді деп жоспарланған.


Хабарламаларға жазылу