Ауғанстанда университеттер қайта жұмыс істей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда университеттер қайта жұмыс істей бастады

03.02.2022

Ауғанстанда «Талибан» билікке келгелі бері жабық тұрған жоғарғы оқу орындары қайта ашылды. Университеттер жарты жыл бойы жұмыс істеген жоқ. Студенттер енді сабақты жалғастыра алады. Жігіттер мен қыздар бір-бірінен бөлек оқиды. Бұған қоса елде әйелдер басшылық қызметке келе бастады. Кабулдегі екі клиниканың басшысы болып нәзік жандылар тағайындалды.

АҚШ халықаралық банктерге Кабулге ақша аударуға рұқсат берді

Ауғанстанға қатысты тағы бір ақпарат. Бұдан былай халықаралық банктер елге гуманитарлық мақсаттар үшін ақша аудара алады. Мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін дәрігерлер мен мұғалімдерге қайырымдылық қорларының жалақы төлеуіне де рұқсат берілді. АҚШ мұндай ұйымдардың санкцияға алынбайтынын ескертті. БҰҰ-ның дерегінше, Ауғанстандағы 39 миллиондай тұрғынның жартысынан көбі ашаршылықтың зардабын тартып отыр. Елдің экономика, білім, әлеуметтік қызмет көрсету салалары құлдырау алдында тұр.


Хабарламаларға жазылу