Ақтөбеде жастар денсаулығы орталығы жұмыс істей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жастар денсаулығы орталығы жұмыс істей бастады

20.03.2014
Ақтөбеде жастар денсаулығы орталығы жұмыс істей бастады

Денсаулықтың кепілі - салауатты өмір салты. Оны бала кезден қалыптастыру қажет. Бұл іске Ақтөбедегі жастар денсаулығы орталығы білек сыбана кірісіп кетті.

 
Өңірдегі мектеп оқушыларын бұқаралық спортқа тартып, денсаулық тренингтерін ұйымдастыруда. Түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Орталық жанынан жаттығу бөлмесі де ашылды.
 
Мектеп оқушылары мен студенттер бос уақытында келіп, дене шынықтырады. Мұнда келу де, дәрігер мен жаттықтырушы қызметі де тегін. Мамандар спорттық, денсаулықты нығайту шараларына қатысуға оқушылар қызығушылығы басым екенін айтады.
 
Азамат Жарқынбаев, «Ювентус» жастар денсаулығы орталығының менеджері:
Жаз айларында лагерьге шығып, жастар үшін түрлі спорттық шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Жастарды қызықтыра білсек, қоғамда дені сау ұрпақ қалыптасады.
 
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу