АҚШ-тың бірнеше қаласында комменданттық сағат енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың бірнеше қаласында комменданттық сағат енгізілді

01.06.2020
АҚШ-тың бірнеше қаласында комменданттық сағат енгізілді

Афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін АҚШ қалаларында басталған қарсылық шараларына байланысты Миннеаполис, Вашингтон, Лос-Анджелес, Майами, Портленд, Сан-Франциско, Чикаго, Атлант, Индианаполис, Филадельфия және т.б қалада комменданттық сағат енгізілді.

Елдегі наразылық пен тәртіпсіздікті басуға АҚШ ұлттық гавардиясы жұмылдырылған. Наразылық шеруі 30 қалада өтті. Қарсылық шарасы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, ел бойыша 1300 адам қамауға алынды.

Шеру қалай басталды?

Ресми ақпаратқа сүйенсек, АҚШ қалаларында қарсылық шарасы афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталды. Миннеаполистің экс-полицейі Дерек Шовин тізесін Флойдтың мойнына 8 минут 46 секунд бойы қойып, оны тұншықтырған. Флойдты жедел жәрдем көлігімен Хеннепин аймақтық медицина орталығына жеткізіп, бір сағаттан кейін оның қайтыс болғаны хабарланған. Бұл әрекеті үшін Шовинге кісі өлтірді деген айып тағылып, қамауға алынды. Тағы да үш полицейге қатысты тергеу жалғасуда.

Алайда бұл наразылық акциясын тоқтата алмады.

Миннесота штатының губернаторы Тим Уолз қаладарда өтіп жатқан шерулердің енді Джордж Флойдтың өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеді. «Оны сырттан келген радикалдар әдейі ұйымдастырып жатыр», - дейді ол.

bbc.com

Хабарламаларға жазылу