АҚШ қалаларында коменданттық сағат енгізілді

01.06.2020

АҚШ қалаларында тәртіпсіздіктер жалғасып жатыр. Көтерілістің басталуына ақ нәсілді полицейдің афроамерикалық Джордж Флойдты тізесімен тамағынан басып тұншықтырып өлтіруі себеп.

Ашынған демонстранттар көшелер мен көліктерге өрт қойып, полицейлерге шабуыл жасап, дүкендер тоналған. Көптеген қалаларда және Вашингтонда коменданттық сағат жарияланды. Соған қарамастан қақтығыстар тоқтамай отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу