Елордада камаз бен автобус соғысып, 13 адам зардап шекті

29.05.2020

Елордада камаз бен автобус соғылысты. Салдарынан 13 адам зардап шекті. Олардың екеуі дене мүшелері сынып, ауруханаға жеткізілді. Қалғандары әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. Соңғы мәліметтерге сай, кешкі сағат алтылар шамасында 94 жылғы камаз жүргізушісі Ақжол көшесімен жүріп келе жатып, рөлге ие бола алмай қалып, қарсы беттегі автобусқа соғылған.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу