Атырауда жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады

23.04.2021

Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орны аумағында жұмысшылар мінген автобус КамАЗ-ға соғылып, 8 адам зардап шекті. Алдын ала болжам бойынша, КамАЗ қарсы бағытқа шығып кеткен. Автобуста «Прорва» кен орнына кетіп бара жатқан мердігер мекеменің 11 қызметкері болған. Қазір 1 адам бас-ми жарақатымен ауруханада жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу