Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

29.05.2020
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды

Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды.

Британиялық Роберт Уэйтон осы жылдың ақпан айында 112 жастағы Жапония азаматы Титэцу Ватанабе қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт адам деп танылған еді. Ал наурыз айында 112 жасқа толу мерейтойын атап өткен болатын.

Роберт Уэйтон 1908 жылы 29 наурызда Шығыс Йоркширдегі Халл қаласында дүниеге келген. Ол өмір бойы инженер болып қызмет еткен.

Роберт Уэйтон Британияның ең қарт әйелі пулалық Джоан Хоккардпен бір күнде туған екен. Ал әлемдегі ең қарт әйел - 117 жастағы жапониялық Кейн Танака.

bbc.com

Хабарламаларға жазылу