Жапонияның ең қарт тұрғыны қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның ең қарт тұрғыны қайтыс болды

28.09.2015
 Жапонияның ең қарт тұрғыны қайтыс болды

Бұл туралы Риа Новости осы елдің Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.   

Аты аталмай  отырған әйел азамат 1900 жылы 15-наурызда туған.  Токионың Сибуя ауданында тұрып жатқан ол кеше, 27-қыркүйек күні көз жұмды.

Енді Жапонияның ең кәрі тұрғыны Кагосима префектурасында тұрып жатқан 115 жасар Наби Тадзима болып отыр.  

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың сәуір айында Жапонияда планетаның ең қарт тұрғыны 117 жасар Масао Окава қайтыс болған болатын.  

 

Хабарламаларға жазылу