Әлемнің ең қарт тұрғыны 112 жасында Жапонияда қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің ең қарт тұрғыны 112 жасында Жапонияда қайтыс болды

19.01.2016
Әлемнің ең қарт тұрғыны 112 жасында Жапонияда қайтыс болды

Жапонияда 112 жасында әлемнің ең қарт тұрғыны Ясатуро Коидэ өмірден өтті. Бұл туралы қарт емделіп жатқан Нагоя қаласы ауруханасының қызметкерлері айтты. Қарт тұрғынның өлімінің себебі жүрегінің әлсіздігімен байланысты болған. Ол 1903 жылдың 13 сәуірінде Фукуи префектурасының Цуруга қаласында дүниеге келген.

Нагояға ол 107 жасында көшіп келген. Қарт  өмірінің соңғы күніне дейін денсаулығына шағымданып көрмеген және соңғы демі шыққанша көзілдіріксіз-ақ оқитын болған. Коиде 112 жасында өзінің замандасы Сакари Момои қайтыс болғаннан кейін ресми түрде планетаның ең қарт тұрғыны ретінде тіркелді.

Жапониядағы адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы әлемде ең жоғары көрсеткіш саналады. Бұл елде ерлердің басым көпшілігі 80,5 жасқа дейін өмір сүретін болса,  әйелдердің орташа жасы 86,83.

Статистика мәліметтері бойынша, Жапонияның 80 жастағы азаматтарының саны өткен жылы ұлт тарихында алғаш рет 10 млн адамнан асты. Жапонияда жасы 65-тен асқан азаматтар саны ел тұрғындарының 26,7 пайызын құрайды. Бұл да Жапония тарихындағы рекордтық көрсеткіш.   

Мамандардың бағалаулары бойынша, жапондықтар осы қарқынды сақтайтын болса, 2040 жылы елде жасы 65-тен асқан азаматтар саны тұрғындардың 36 пайызын құрайтын болады деп жазады tass.ru.

Хабарламаларға жазылу