Көкпардан халықаралық лига құрылады

27.05.2020

Мұндай шешім бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының онлайн конференциясында қабылданды. Ұсынысты Ауғанстанның Бузкаши федерациясы жасаған. Қауымдастыққа мүше мемлекеттер бастаманы қолдап отыр. Мұның ұлттық спортты ұлықтауда маңызы зор. Халықаралық деңгейдегі жарыстар көбіне ұлттық құрамалардың қатысуымен өтеді. Енді клубтық лига ондай додалардан тыс қалмайтын болады. Сондай-ақ жиында қауымдастық сайтының ашылғаны және «Этноспорт» спорттық-танымдық журналының жарық көретіні белгілі болды.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу