Латын Америкасында коронавирус өршіп тұр
Латын Америкасы елдерінде пандемия өршіп тұр. Перуде бір тәулікте 6 мыңдай адам коронавирус жұқтырды. Тұрғындар карантин талаптарын ескеретін емес. Осыдан кейін ел билігі оқшаулау режимін маусымның соңына дейін ұзартуға шешім қабылдады.
Ал Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрестің бір ауданында ғана 80 адамнан вирус анықталды. Олардың барлығы жедел ауруханаға жатқызылған. Енді 5 мың адам тұратын қаланың бір бөлігі 15 күндік карантинге жабылды.
Бразилияда пандемия кесірінен жүздеген мигрант елдеріне қайта алмай, әуежайда қонуға мәжбүр. Елдегі жағдай күннен күнге ушығып барады. Қауіпті індеттен 25 мың адам дерттен көз жұмған. Мамандар ауруға шалдыққандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді. Себебі вирусты анықтайтын тесттер тапшы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Онкологиялық орталықтарда ашық есік күні өтеді
26.03.2026, 20:59
Наурыз мейрамы тойланды
26.03.2026, 20:57
Наурыз-думан сән-салтанатпен аталды
26.03.2026, 20:54
5000 адам «Ақбұлақ» әнін бір мезетте орындады
26.03.2026, 20:52
Алматыда бірлікті бейнелейтін арт-нысан ашылды
26.03.2026, 20:48
«SuperStar KZ» қайта оралды
26.03.2026, 20:47
ӘЧ: Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшылар бақ сынап жатыр
26.03.2026, 20:45
Премьер-министр елдегі ең ірі электр станциясының құрылысымен танысты
26.03.2026, 20:16