Қазақстанда 662 мыңға жуық адамға тест жасалды

26.05.2020

Елімізде коронавирус жұқтырған науқастар санының көбеюі ПЦР тестілеудің артуына да байланысты болып отыр.

Екі айдан бері Қазақстанда 662 мыңдай адамға тест жасалды. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты. Оның сөзінше, наурызда бір тәулікте мыңға жетер-жетпес тест жүргізілсе қазір тәулігіне 23 мыңға дейін сынама алынады. Екі жарым айдың ішінде зертханалар саны көбейген. Елде инфекция енді таралған кезде 19 зертхана болса, қазір 54 зертханада тест алынады. Одан бөлек, өңірлерде де қосымша зертханалар ашу жоспарланып отыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу