ҰБТ алғашқы нәтижесі шықты

21.06.2018

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы нәтижелері белгілі болды. Бірінші күні ең жоғары 140 балды ешқандай түлек ала алмаған. Тек бір оқушы ғана 137 балл жинаған. Жалпы тестілеуге қатысқан 13897 түлектің 11795-сі шекті 50 балдан жоғары тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артық, - дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

Алғашқы күні ұялы телефонмен кірмек болған бірнеше түлекке ескерту жасалды. Ереже бұзған бір түлек тест тапсырудан шеттетілді. Мамандардың айтуынша, емтихан талабы былтырғыдай, өзгерген жоқ. Тек сұрақтар 50 пайыз жаңарған. Ал сынақта шекті балды жинай алмаған 2102 түлектің тамыз және қаңтар айында тағы тест тапсыруына мүмкіндік бар.

Рамазан Әлімқұлов, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

ҰБТ өтпей қалса, жаңа формат бойынша тамыз айында қайта тапсыратын мүмкіншілігі бар. Одан өтпей қалса, қыркүйекте ақылы түрде оқуға түсуге болады бір семестр. Бір семестрден кейін қаңтар айында үшінші рет тапсыра алады. 2017 жылы Қазақстанда осы мүмкіндікпен 30 мыңға жуық студент оқуға түсуге мүмкіндік алды.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу