Мемлекет басшысы Премьер-Министрды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Премьер-Министрды қабылдады

24.02.2022

Украинадағы жағдайға байланысты ел экономикасына түсетін қысымды азайту үшін Үкімет қандай шара қабылдап жатыр. Премьер-Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді. Әлихан Смайылов әлемдегі геосаяси оқиғаларға байланысты әзірленген дағдарысқа қарсы жоспардың негізгі қырлары туралы мәлімет берді. Сондай-ақ Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау туралы баяндады. Бұдан бөлек монополия нысандарының тарифін төмендету, өңдеу және агроөнеркәсіп кешенін дамыту, субсидиялау мен кеден мәселелері туралы айтылды. Премьер-Министр Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылуы және 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауға дайындық жұмыстары жөнінде де есеп берді. 

Хабарламаларға жазылу