Май топтық су құбырының мәселесі шешімін таппақ

26.05.2020

Павлодар өңіріндегі ең ірі инвестициялық жоба — Май топтық су құбырының құрылысы былтыр аяқталғанымен аудандағы 11 мың тұрғынның суға жарымай отырғаны жайлы кешегі жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз. Іле жауапты мекемелер мен мердігер компания бас магистральді іске қосты. Бірақ қысымға шыдамаған құбыр бірнеше жерден жарылып, су сыртқа аққан. Қазір стансадағы сынақ жұмыстарын Алматы және Нұр-Сұлтан қаласынан келген мамандар қолға алды. Аудан тұрғындарына ауыз су осы аптаның аяғында берілуі мүмкін. Мәселені аймақ басшысы да жеке бақылауына алды.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу