Қызылорда облысында шалғайдағы елді мекенге ауыз су тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында шалғайдағы елді мекенге ауыз су тартылды

28.05.2021

Қызылорда облысында халықты ауыз сумен қамту мәселесі шешімін тауып келеді. Былтыр бірқатар елдімекен тіршілік нәріне қол жеткізді. Соның бірі, Қазалы ауданындағы Бекарыстан би ауылы. Бұған дейін суды тасып ішіп келген жұрттың талап-тілегі орындалып, елді мекендегі 400-ден астам үй «Арал-Сарбұлақ» топтық су желісіне қосылды. Жоба «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып, оған 170 миллион теңге жуық қаржы жұмсалды. Жалпы өңірде шалғайда орналасқан 35 ауыл әлі де суды құдықтан ішіп отыр.

Жадыра Өтемісова, ауыл тұрғыны:
Бұрын бізге қиын еді. Ана құдықтан су тасимыз. Бүгінгі таңда әрбір отбасына суды кіргізіп, жағдай жасалып жатыр. Соған қуаныштымыз.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу